04 қараша 2021 14:24

Қазақстанда жыл сайын 270 адам органға жете алмай қайтыс болады - депутат

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Қазақстанның трансплантология қызметін сынға алды. Оның айтуынша, жылына 270-ке жуық қазақстандық донордың органына жете алмай қайтыс болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Қазақстанның трансплантология қызметін сынға алды. Оның айтуынша, жылына 270-ке жуық қазақстандық донордың органына жете алмай қайтыс болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлназарова әлемде жыл сайын 115 мыңнан астам орган трансплантациясы жасалатынын айтты. Бұл ретте трансплантацияланған мүшелердің кем дегенде 50 пайызы қайтыс болған донорлардан алынған. Бұл пациенттерге ұзақ жылдар бойы өмір сүруге мүмкіндік береді және көбінесе емдеудің жалғыз жолы болып табылады.

Қазақстандықтар осыған дейін шетелде амалсыз жасап келген аса күрделі де қымбат операцияларды бүгінде мемлекет есебінен еліміздің кез келген мұқтаж азаматы жасай алады. Қазақстан өз азаматтарына трансплантацияланған органның қызметіне өмір бойы тегін қолдау көрсететін санаулы елдердің бірі.

Алайда, оның айтуынша, біздің елімізде трансплантология қызметінің дамуына кедергі бар.

"2012 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстанда екі мыңнан астам орган трансплантациясы жасалды. Оның 95 пайызы туысқан донордан, бес пайызы орган донорларынан. Егер 2016 жылға дейін жылына 300 операция жасалса, 2020-2021 жылдары - жыл сайын 100-ден аса жасалды, бұл жеткіліксіз.

Бүгінде республика бойынша 3365 адам, оның ішінде 105 бала трансплантациялау үшін бірыңғай кезекте тұр. Олардың көпшілігі жас және еңбекке қабілетті адамдар. Қажет органды күте алмай жылына осы тізімдегі 270-ке жуық адам қайтыс болады. Оның басты себебі – донорлық органдардың тапшылығы", - деді сенатор.

Ол қайтыс болғаннан кейін бір донор жеті адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін айтты.

"Соңғы тоғыз жылда елімізде балаларға барлығы 118 бүйрек трансплантациясы жасалды. 102 жас пациент әлі де диализдік терапияда донор органын күту үстінде. Орта есеппен бір жастан жеті, сегіз жасқа дейін.  Балалардағы донорлықтың заңнамалық және нормативтік базасының жетілдірілмегендігі ата-аналарды шетелдік клиникалардың көмегіне жүгінуге мәжбүр етеді. Операция республикалық бюджеттен төленеді. Ал өткен жылдан бері бұл елдер шетелдік науқастарды қабылдауды тоқтатты", - деді депутат.

Әлназарова еліміздегі мұндай жағдайдың себептері арасында, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмегендігін, донорлық ауруханалардың материалдық-техникалық базасының төмендігі мен оларды ынталандыру тетігінің жоқтығын, медициналық қызметкерлердің құқықтық қамтамасыз етілмегендігін атады. 

"Бүгінгі таңда халықтың осы көмек түріне деген жоғары сұранысын, сондай-ақ заманауи технологияларды меңгерген жоғары білікті мамандардың болуын ескере отырып, біз донорлықтың тиімді жүйесін құра алмай, адамдардан айырылып қала беретін жағдайдамыз. Өкінішке орай, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылардың, трансплантация үйлестірушілерінің, білім беру биоэтикасының және органдардың донорлығы саласындағы қоғамды ақпараттандырудың өте жеткіліксіз жұмысын мойындауымыз керек", - деді ол.

Премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында депутат елімізде толыққанды трансплантология қызметін қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети