20 шілде 2023 09:13

Қазақстанда қандай аурулардан өлім жағдайы жиі тіркелетіні айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ерлер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығын, сондай-ақ өлімге әкелетін ең көп таралған ауру түрлерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ерлер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығын, сондай-ақ өлімге әкелетін ең көп таралған ауру түрлерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 70,26 жас, әйелдердікі 78,41 жас болғанын хабарлады.

Сондай-ақ, Қазақстанда 100 мың халыққа шаққанда көбінесе мынадай аурудан өлім жағдайы тіркелетіні хабарланады:

  • қан айналымы жүйесі аурулары – 154,39 адам;
  • қатерлі ісіктер – 68,76 адам;
  • тыныс алу органдары аурулары – 66,76.

0-ден 14 жасқа дейінгі балалар арасында халықтың 100 мыңына шаққанда көбінесе мынадай аурудан өлім жағдайы тіркеледі:

  • жарақаттар, улану және сыртқы әсердің басқа да зардаптары – 10,43 адам;
  • жүйке жүйесінің аурулары – 5,5 адам;
  • ыстық және қыздыратын заттарды ұстау – 3,93 адам.

Ал 15-19 жас аралығындағылар көбіне мына жағдайлардан қайтыс болады:

  • жарақаттар, улану және сыртқы әсердің басқа да зардаптары – 34,42 адам;
  • ыстық және қыздыратын заттарды ұстау, күю – 17,01 адам;
  • сыртқы себептердің басқа және анықталмаған әсерлері – 15,77 адам.

Халықтың 100 мыңына шаққанда әйелдер көбінесе мына жағдайлардан қайтыс болады:

  • ісіктер – 48,14 адам;
  • қан айналымы жүйесі аурулары – 49,7 адам;
  • ас қорыту жүйесі аурулары – 29,33 адам.

Ер адамдар көбінесе мына жағдайлардан қайтыс болады:

  • қан айналымы жүйесі аурулары – 100 мың халыққа 148,59 адам;
  • жарақаттар, улану және сыртқы әсердің басқа да зардаптары – 136,59 адам;
  • ас қорыту жүйесі аурулары – 59,91 адам.

Қарт адамдар болса:

  • қан айналымы жүйесі аурулары – 859,51 адам;
  • жүйке жүйесі аурулары – 940,73 адам;
  • тыныс алу органдарының ауруларынан – 430,05 адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети