17 қаңтар 2020 17:59

Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Қазақстанда 19 мың шетелдік жұмысшы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстанда 19 мың шетелдік жұмысшы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 145 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырады.

"Олардың ішінде бірінші санатта (менеджерлер мен олардың орынбасарлары) 770 адам (4 пайыз), екінші (бөлім меңгерушілері) - 445 (23 пайыз), үшінші (мамандар) - 9 632 (50 пайыз) және төртінші (білікті) жұмысшылар) – 1818 (9 пайыз), маусымдық жұмыстарға 767 (4 пайыз), корпоратив ауыстыруға 1 744 адам (9 пайыз) тартылды.

Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді - 8623 адам . Тау-кен өнеркәсібінде 2 213, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 55 , кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте 1 557, өңдеу өнеркәсібінде  1 397  шетелдік жұмыс істейді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еңбекші мигранттарының негізгі шығу елдері: Қытай - 4 524 адам (24 пайыз), Өзбекстан - 781 (4 пайыз), Түркия - 1 964 (10 пайыз), Үндістан - 1 893 (10 пайыз), Ұлыбритания - 1 368 (7 пайыз).

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети