24 қыркүйек 2022 14:52

Қазақстанда "Қаңтар оқиғасына" қатысқандарға рақымшылық жасау жоспарланып отыр

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Қаңтар оқиғасына" қатысқандарға рақымшылық жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы "Рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультатив құжатында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда "Қаңтар оқиғасына" қатысқандарға рақымшылық жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы "Рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультатив құжатында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық жауаптылыққа тарту "Қаңтардағы оқиғалар" бойынша  іс жүргізуде 391 қылмыстық іс бар. Олар бойынша 383 күдікті, айыпталушы болып өтеді.

Құжатта бұлтартпау шаралары бойынша: ешқайда кетпеу туралы қолхат - 153, күзетпен ұстау - 147 адам, үйқамаққа алу - 24, кепіл - 19, жеке кепілгерлік - 2, бұлтартпау шарасы таңдалмады - 28, іздеуде - 10 адам.

Соттың іс жүргізуінде 102 адамға қатысты 36 іс бар екені анықталды. Сотталғандар - 1 035, оның ішінде, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілер - 93; пробацияда - 930; 3 адамға айыппұл тағайындалды; қоғамдық жұмыстар - 9; түзеу жұмыстарына ешкімді міндеттемеген.       

"Сипатталған мәселені шешудің ұсынылған жолдары Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, олардың соттылығын алып тастап, рақымшылық жасау. Қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан толық босату ұсынылады", - делінген хабарламада. 

Ал ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. 

"Заң жобасының күші мемлекетке опасыздық жасауға байланысты қылмыстар жасаған; жаппай тәртіпсіздіктерді, сыбайлас жемқорлық қылмысты, террористік қылмысты, экстремистік қылмысты, азаптауды ұйымдастырған, сондай-ақ, қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды", - делінген құжатта. 

Еске салайық, 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдап, "Қаңтар оқиғасына" қатысушыларға рақымшылық жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети