Қазақстанда карантин күшейтіледі: ВАК шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда карантин күшейтіледі: ВАК шешім шығарды Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда карантин шектеулері күшейтіледі. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда карантин шектеулері күшейтіледі. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

"Нұр-Сұлтан қаласында "Дельта" ("Үнді") штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты Ведомствоаралық комиссия ҚР бас мемлекеттік санитария дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды:

  • COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу);
  • КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу);
  • Ashyq жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу);
  • Ashyq жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети