08 желтоқсан 2021 13:21

Қазақстанда қарашада ауа температурасы бойынша 4 рекорд тіркелді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда қарашада ауа температурасы бойынша 4 рекорд тіркелді. Бұл туралы Қазгидромет мамандарының мәліметтерінде көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда қарашада ауа температурасы бойынша 4 рекорд тіркелді. Бұл туралы Қазгидромет мамандарының мәліметтерінде көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжауынша, биыл қарашада ел аумағында солтүстік теңіз аудандарынан келген суық ауа ағыны байқалды. Бұл 3-8 қарашада, содан кейін 16-20 қарашада болды. Нәтижесінде, температура бойынша рекорд тіркелді.

"Айдың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде түнгі ауа температурасы 18 градусқа дейін, шығысында 26 градусқа дейін, ал оңтүстігінде 9 градусқа дейін төмендеді. Ал 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Риддер станциясында ең төменгі ауа температурасы ретінде 26,3 градус тіркелді. Осылайша, 1989 жылғы 19,6 градус тіркелген рекорд бұзылды.

Келесі онкүндіктің екінші жартысында тағы да салқын ауа температурасы болды. Содан кейін ауа температурасы елдің солтүстік жартысында 28 градусқа дейін, ал оңтүстігінде 15 градусқа дейін төмендеді. Сонымен қатар, 17 қарашада Ақтөбе облысындағы Мұғалжар метеостанциясында түнде 18,1 градус тіркелді. Нәтижесінде, 1993 жылы 17,6 градус тіркелген рекорд бұзылды", - деп хабарлады Қазгидромет.

Сондай-ақ, қарашаның басқа күндерінде ең жоғары ауа температурасының рекорды жаңартылды. Оларға Жерорта теңізі мен Орта Азия аймақтарынан келген жылы ауа массалары әсер етті. Осының салдарынан Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында рекордтар тіркелген.

"Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ метеостанциясында 9 қарашада күндіз ауа температурасы +8,8 градус болды. Нәтижесінде, 1981 жылғы рекорды жаңартылды, ол кезде +8 градус тіркелген еді.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 25 қарашада күндізгі ауа температурасы +12 градус болды. Бұл көрсеткіш 1973 жылғы рекордтан асып түсті, ол кезде +8 градус тіркелген еді", - деп толықтырды синоптиктер.

Сарапшылар қарашада ауа температурасының рекордтық көрсеткішінен бөлек басқа да қолайсыз ауа райы жағдайлары байқалғанын атап өтті. Олардың арасында қатты жел, боран, шаңды дауыл, тұман, көктайғақ және қар бар.

"Бір ай ішінде республика бойынша жел секундына 15-28 метрге дейін күшейіп, жекелеген аудандарда табиғи гидрометеорологиялық құбылыстарға дейін жетті. Достық, Жалаңашкөл, Бақанас (Алматы облысы), Тараз, Шоқпар (Жамбыл облысы), Тасты (Түркістан облысы), Балқаш (Қарағанды облысы), Жарма (Шығыс Қазақстан облысы) метеорологиялық станцияларында желдің жылдамдығы секундына 30-43 метр болды", - деді Қазгидромет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети