Қазақстанда қарасораны заңдастыру: АШМ қатаң бақылауға уәде берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда өнеркәсіптік мақсатта қарасора өндіруді заңдастыру жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бұл нашақорлық тудыратын сорттардың өсірілуіне алып келмей ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда өнеркәсіптік мақсатта қарасора өндіруді заңдастыру жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бұл нашақорлық тудыратын сорттардың өсірілуіне алып келмей ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеунік Қазақстанда тек тетрагидроканнабинол (ТГК) мөлшері төмен рұқсат етілген қарасора сорттарының ғана өсірілуі қатаң бақыланатынын айтты.

"Сорттар есірткіге жататын болмауы тиіс. Бұл – техникалық қарасора, оның құрамындағы ТГК өте төмен немесе мүлде жоқ. Екіншіден, өндіру барысында сот сараптамасы тарапынан зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Демек, өсірілген өнім бақылауда болады. Үшіншіден, өңдеуге түскенде де зертханалық тексерістер болады. Сондықтан бір грамм да есірткіге жататын қарасора өндіріске түспейді", – деді Сұлтанов Үкіметтегі брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, бұл үдерісті ІІМ өкілдері бақылайды. Егер тексеріс барысында құрамында ТГК жоғары қарасора табылса, ол дереу жойылады.

"Көп деңгейлі бақылау жүргізіледі, сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Аумағы қоршалады, күзет қойылады, бөтен адамдар кіргізілмейді. Бүкіл әлемде қарасораны өңдеу кең таралған, одан жасалған қағаз сарғаймайды", – деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда өнеркәсіптік мақсатта қарасора өндіруге рұқсат етілетіні хабарланған еді. Тиісті заң жобасын Мәжіліс сәуірде бірінші оқылымда мақұлдады. Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті кәсіпкерлерге төрт лицензия беріп үлгерген. ІІМ қарасорадан қорқудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді: ТГК мөлшері төмен қарасора марихуанадан өзгеше.

Қарасора мен марихуананың айырмашылығы

Қарасора (немесе техникалық қарасора) – құрамында ТГК (0,3 пайыздан аз) өте төмен өсімдік. Ол есірткілік әсер бермейді және өнеркәсіптік мақсатта қолданылады: мата, қағаз, май, құрылыс материалдарын өндіру үшін.

Марихуана – ТГК мөлшері жоғары (әдетте 5–20 пайыз) қарасораның бір түрі, ол есірткілік әсерге ие. Ол медициналық немесе рекреациялық мақсатта, заңмен рұқсат етілген жерлерде қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer