04 желтоқсан 2020 14:44

Қазақстанда қай 13 қаланың мәртебесі өзгеруі мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Tengrinews.kz редакциясы қай елді мекендер қала мәртебесіне сәйкес келмейтінін анықтауға тырысты.


Tengrinews.kz редакциясы қай елді мекендер қала мәртебесіне сәйкес келмейтінін анықтауға тырысты.

3 желтоқсанда сенатор Нұрлан Бекназаров еліміздегі 48 аудандық маңызы қаланың 13-і халық саны бойынша қала мәртебесіне сәйкес келмейтінін, яғни бұл қалалардың мәртебесін өзгерту қажеті туындағанын айтқан болатын. 

Сенаттың жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерге ҚР әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Сенат заңға түзетулерді қабылдады.  

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, Қазақстанда тұрғындар саны 10 мыңға жетпейтін 13 аудандық маңызы бар қала тіркелген:

1. Степняк (Ақмола облысы, Біржан сал ауданының әкімшілік орталығы) - 3457 адам;

2. Ерейментау (Ақмола облысы, Ерейментау ауданының әкімшілік орталығы) - 8 819 адам;

3. Державинск (Ақмола облысы, Жарқайың ауданының орталығы) - 5811 адам;

4. Темір (Ақтөбе облысы, Темір ауданы) - 2135 адам;

5. Жем (Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы) - шамамен 2 мың адам;

6. Шар (Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы) - шамамен 6 500 адам;

7. Серебрянск (Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы) - шамамен 8 500 адам;

8. Қарқаралы (Қарағанды ​​облысы, Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығы) - 8 мыңнан аса адам;

9. Қазалы (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы) - 5 мыңнан аса адам;

10. Форт-Шевченко (Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының әкімшілік орталығы) - 6771 адам;

11. Сергеевка (Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданының әкімшілік орталығы) - 7610 адам;

12. Булаево (Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімшілік орталығы) - 7681 адам;

13. Мамлют (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданының әкімшілік орталығы) - 6769 адам.

Әр түрлі деректе айтылатын Қарағанды ​​облысындағы Қаражал қаласы облыстық маңызы бар қала саналады.

Айта кетейік, бұл тек мәртебесін өзгертуге үміткер қалалар. Соңғы шешімді ресми органдар шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети