19 мамыр 2022 17:23

Қазақстанда қай ел азаматтары бизнеспен айналыса алады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Қазақстанда қай ел азаматтары бизнеспен айналыса алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Қазақстанда қай ел азаматтары бизнеспен айналыса алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда ЖК ретінде қандастар, сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын, яғни елімізде тұруға ықтиярхаты бар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения азаматтары қызмет ете алады", - деп түсіндірді комитет қызметкері.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап резидент ретінде саналмайтын жеке тұлғаларды, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, соның ішінде ЖСН жасау, тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жеке тұлғалардың ЖСН-ін мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретінен шығару жұмыстары Ішкі істер министрлігіне өткенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети