27 қараша 2017 15:45

Қазақстанда қай өңірде арақ көп ішілетіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Сарапшылар елімізде алкоголь өнімдерін ең көп және алкоголь өнімдерін ең аз қолданатын өңірлерді атады. 2016 жылдың ресми статистикасына қарағанда, елімізде арақты көп ішетін өңір Ақмола облысы болып шықты, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бұл тізімнің соңында тұр. Бұл туралы Finprom.kz сарапшыларының зерттеуінде айтылады.

Сондай-ақ, ресми мәліметтерге қарағанда, 2017 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында арақ өнімдерін шығару 20 пайызға, яғни, 21,8 миллион литрге дейін қысқарған.

"Бірақ ендігіде алкоголь өнімдері акциздерін 45 пайызға қымбаттату жоспарланып отыр. Яғни, 2017 жылы арақтың 1 литрі - 2 мың теңгеге жетсе, 2018 жылы 2 275 теңге, ал 2019 жылы бағаны 2 550 теңгеге дейін қымбаттату жоспарланып отыр", - делінген мақалада.

Зерттеу соңында сарапшылар қазақстандықтардың кем дегенде 16 пайызының елге заңсыз әкелінген арақ өнімдерін қолданатынын айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети