25 қыркүйек 2020 11:40

Қазақстанда кедейлік деңгейі өсті - сарапшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирус дағдарысының жағдайында кедейлік деңгейі өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда коронавирус дағдарысының жағдайында кедейлік деңгейі өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың екінші тоқсанында халық арасында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмендер үлесі 5,7 пайызға дейін көбейді (бір жыл бұрын - 4,3 пайыз болған), бұл 2011 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш. Бұл елдегі экономикалық белсенділіктің төмендеуі, сондай-ақ коронадағдарыстың жалпы теріс салдарынан болды. Еске салайық, 2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі жан басына шаққанда орта есеппен 32,6 мың теңге болды.

Жалпы алғанда, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық саны - 1,1 миллион адам. Қалалық және ауылдық жерлердің көрсеткішінде бұрынғыша айтарлықтай айырмашылық бар. Мәселен, ауылдық жерлерде табысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтар 7,8 пайыз болса, қалалық жерлерде - 4,2 пайыз.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халық үлесінің артуы елдің барлық дерлік өңірінде байқалады. 2020 жылдың екінші тоқсанында кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (12,8 пайыз), Солтүстік Қазақстан (7,4 пайыз), Жамбыл (6,9 пайыз), Қызылорда (6,9 пайыз) және Ақмола (6,7 пайыз) облыстарында тіркелді. Жалпы алғанда, осы бес өңірде табысы төмен халық саны 481,8 мың адам болды.

Кедейліктің ең төменгі деңгейі Нұр-Сұлтанда (1,4 пайыз), сондай-ақ Қарағанды (2,4 пайыз) және Атырау облыстарында (3,1 пайыз) тіркелген.

Алматыда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі - 6,2 пайыз (бір жыл бұрын - 2,6 пайыз), Шымкентте - 6,4 пайыз (бір жыл бұрын - 3,1 пайыз).

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети