09 тамыз 2023 16:58

Қазақстанда кеңсе тауарларының бағасы күрт өсті

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

pexels.com pexels.com

Қазақстанда кеңсе тауарларының бағасы күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Қазақстанда кеңсе тауарларының бағасы күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюроның мәліметінше, өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде кеңсе тауарларының бағасы 64,4 пайызға өскен.

"Мектеп дәптері 77,2 пайызға, қалам 38,6 пайызға, түрлі-түсті қарындаштар 41,9 пайызға, сурет альбомы 44,1 пайызға қымбаттаған" - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында осы жылы халықтың әлеуметтік аз қамтылған отбасының 400 мыңнан астам балаға мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз етілетінін айтқан болатын.

Әрбір студентке киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алуға бөлінетін қаражат көлемі 40 567 теңге болды. Қаражат ата-аналардың шоттарына аударылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети