05 тамыз 2021 08:01

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz. Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz.

Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.


Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 04 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 792 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 610 744 жетті", - делінген ВАК хабарында.

Оның ішінде:

  •  Нұр-Сұлтан қаласында - 1434,
  •  Алматы қаласында - 1570,
  •  Шымкент қаласында - 535,
  •  Ақмола облысында - 259,
  •  Ақтөбе облысында - 403,
  •  Алматы облысында - 320,
  •  Атырау облысында - 397,
  •  Шығыс Қазақстан облысында - 288,
  •  Жамбыл облысында - 160,
  •  Батыс Қазақстан облысында - 185,
  •  Қарағанды облысында - 931,
  •  Қостанай облысында - 279,
  •  Қызылорда облысында - 205,
  •  Маңғыстау облысында - 225,
  •  Павлодар облысында - 303,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында - 151,
  •  Түркістан облысында - 147.

Сонымен қатар, Қазақстанда 7 276 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны аталды:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 2018,
  • Алматы қаласында - 1701,
  • Шымкент қаласында - 289,
  • Ақмола облысында - 186,
  • Ақтөбе облысында - 324,
  • Алматы облысында - 289,
  • Атырау облысында - 257,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 111,
  • Жамбыл облысында - 50,
  • Батыс Қазақстан облысында - 62,
  • Қарағанды облысында - 1041,
  • Қостанай облысында - 303,
  • Қызылорда облысында - 99,
  • Маңғыстау облысында - 147,
  • Павлодар облысында - 107,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 167,
  • Түркістан облысында - 125.

Елімізде барлығы 499 965 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Комиссия өкілдері 2021 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.

Вакцинаға келсек, 2021 жылғы 4 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 584 190 адам, 2-компонентін 4 148 969 адам салдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети