02 ақпан 2022 08:30

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 1 ақпандағы эпидемиологиялық жағдай белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 1 ақпандағы эпидемиологиялық жағдай белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 149 адам тіркелді. Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 246 103-ке жетті.

"Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 822, Алматы қаласында - 1 336, Шымкент қаласында - 77, Ақмола облысында - 691, Ақтөбе облысында - 243, Алматы облысында - 273, Атырау облысында - 145, Шығыс Қазақстан облысында - 265, Жамбыл облысында - 132, Батыс Қазақстан облысында - 346, Қарағанды облысында - 1 063, Қостанай облысында -462, Қызылорда облысында - 49, Маңғыстау облысында - 46, Павлодар облысында - 784, Солтүстік Қазақстан облысында - 382, Түркістан облысында - 33", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанда 12 783 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында - 2 648, Алматы қаласында - 2 621, Шымкент қаласында - 16, Ақмола облысында - 420, Ақтөбе облысында - 714, Алматы облысында - 278, Атырау облысында - 562, Шығыс Қазақстан облысында - 346, Жамбыл облысында – 76, Батыс Қазақстан облысында - 134, Қарағанды облысында - 1 920, Қостанай облысында - 656, Қызылорда облысында - 281, Маңғыстау облысында - 192, Павлодар облысында - 1 260, Солтүстік Қазақстан облысында - 546, Түркістан облысында - 113. Елімізде барлығы 1 098 462 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Вакцинаға келсек, 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 203 671 адам, 2-компонентін 8 775 383 адам салдырды. 

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат та жаңарды: 2022 жылғы 1 ақпандағы Pfizer вакцинасының ️ I дозасын 647 372 адам, ️ ІІ дозасын 343 045 адам салдырды. Оның ішінде:

І компонентін:

  • жасөспірімдер - 531 698,
  • жүкті әйелдер - 26 268,
  • бала емізетін әйелдер - 83 070.

ІІ компонентін:

  • жасөспірімдер - 279 444,
  • жүкті әйелдер - 16 306,
  • бала емізетін әйелдер - 47 278.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети