24 мамыр 2021 11:21

Қазақстанда "қоқыс" бойынша жыл қорытындысы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қалдықтарды сұрыптау, кәдеге жарату және сақтаумен айналысатын 225 кәсіпорын жұмыс істейді. 2020 жылы оған 3,8 миллион тонна тұрмыстық қалдық түсті, - деп хабарлайды Energyprom.kz.


Қазақстанда қалдықтарды сұрыптау, кәдеге жарату және сақтаумен айналысатын 225 кәсіпорын жұмыс істейді. 2020 жылы оған 3,8 миллион тонна тұрмыстық қалдық түсті, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

2020 жылы кәсіпорындарға 3,8 миллион тонна қалдық түскен. Бұл былтырғымен салыстырғанда 2,8 пайызға аз.

"1,1 миллион тонна қалдық сұрыпталды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,1 пайызға көп. Қайталама шикізат алу үшін тек 13,2 мың тонна қалдық қайта өңделді. Сұрыптаудың ең үлкен көлемі пластмасса, пластик, полиэтилен және полиэтилен-терефталат қалдықтар. Олардан басқа ТОП-3-ке макулатура, картон және қағаз қалдықтары, сондай-ақ шыны сынықтары кірді", - деп жазды сарапшылар.

Айта кетейік, 2020 жылы елімізде коммунал қалдықтарды жинау және шығару бойынша 625 кәсіпорын жұмыс істеген. Былтыр бұл кәсіпорындар 2,8 миллион тонна қалдық жинаған.

"Жиналған қалдықтардың 2 миллион тоннасы - үй шаруашылықтары қалдықтары, 411,5 мың тонна - тұрмыстық қалдықтарға теңестірілген өндіріс қалдықтары, 278,9 мың тонна - көше қалдықтары, 61,3 мың тонна - базар қалдықтары, 41,5 мың тонна - құрылыс материалдары қалдықтары, 8,6 мың тоннаны-саябақ қалдықтары.

Өңірлік бөліністе коммуналдық қалдықтардың басым бөлігі Алматы қаласында. Жиналған қалдықтардың ең көп көлемі бойынша өңірлер үштігіне Қарағанды облысы мен Астана да кіреді. Коммуналдық қалдықтардың ең азы Қызылорда облысында.".

Елде жиналған қалдықтардың жалпы көлемінен қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға 1,6 миллион тонна, ал бөгде ұйымдар мен қоқыс өңдеу зауыттарына 1,1 миллион тонна берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети