05 қазан 2021 13:50

Қазақстанда қолданылмайтын оқ-дәрілер қоймадан шығарылып, жойылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери саперлар қолданбайтын оқ-дәрілерді жоятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери саперлар қолданбайтын оқ-дәрілерді жоятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, қорғаныс министрі Мұрат Бектанов аппарат жиналысын өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады. Министрліктің айтуынша, жиналыстың басты мақсаты пайдаланылмаған әскери техниканы түгендеп, оқ-дәрілерді жою.

Департамент заңға сәйкес, оқ-дәрілерді жоюды уәкілетті орган - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізетінін, оның қарамағындағы ұйымдардың оқ-дәрілерді жою мүмкіндігі шектеулі екенін атап өтті.

"Қорғаныс министрлігі ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған әскери техниканы қоймалар мен базаларда сақтауға мәжбүр болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірігіп, саперлік бөлімшелер қолданбаған оқ-дәрілерді шығарып, әскери полигондарға апарып  жоюды ұйымдастырады", - делінген басылымда.

2021 жылы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында 19.00 шамасында өрт шықты. Өрт салдарынан барлығы онға жуық жарылыс болды.

2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында бірнеше жарылыс болды. Нәтижесінде, бір азаматтық және екі әскери қызметкер қаза тапты. 200-ге жуық адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар. Арыс қаласының барлық тұрғыны эвакуацияланып, қаланың өзі қайта тұрғызылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети