Қазақстанда жүргізушілерді рөлге отырғызу талаптары қатаңдатылады. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева кімдерге рөлге отыруға тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengri Auto.
Мәжілісте жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді оқыту туралы заң жобасы қаралып жатыр. Оны талқылау барысында депутат Смышляева медициналық мәліметтер ІІМ базаларымен біріктірілетінін мәлімдеді. Енді жүргізушілер автоматты түрде тексеріліп, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардың көлік басқару жағдайлары жойылады.
Сондай-ақ анықтамаларды қолдан жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.
"Бүгінде қоғамда қауіпсіздікке деген тұрақты сұраныс бар. Жолда, аула ішінде немесе цифрлық ортада болсын – әрбір адам өзін қорғалған сезінгісі келеді. Заң жобасы жүргізушілерді даярлау жүйесін жетілдіру, салада заманауи цифрлық құралдарды енгізу және цифрлық ортада адам қауіпсіздігін арттыру арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған", – деді Смышляева.