19 қаңтар 2022 10:14

Қазақстанда көліктер мен жалға алынған пәтерлерді тексеру әлі жалғасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдай режимі алып тасталған өңірлерде "құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы және құжаттарды, көлік пен жалдамалы пәтерлерді тексеру жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдай режимі алып тасталған өңірлерде "құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы және құжаттарды, көлік пен жалдамалы пәтерлерді тексеру жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі "құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы 19 қаңтардан бастап Астана мен Алматыда, сондай-ақ төтенше жағдай режимі алып тасталған Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өткізілетінін хабарлады.

Шараның мақсаты – жағдайды жақсарту және құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Шара аясында өңірлерде:

  • тұрғындардың жеке бас құжаттарын және көлік құралдарын тексеру, сондай-ақ өзін және заттарын тексеру;
  • жалдамалы пәтерлерді, қараусыз қалған үйлерді, хостелдерді, саяжай алқаптарын, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және басқа да шалғай жерлерді тексеру;
  • атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және т.б. тәркілеу;
  • белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз көшіп-қонушыларды анықтау;
  • бұрын сотталған және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеру.

ІІМ азаматтарды жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге түсінікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды ұсынуға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети