1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3,7 есеге өсті 27 қараша 2020, 17:40

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай бойынша статистиканы бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz/Алихан Сариев © Tengrinews.kz/Алихан Сариев

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай бойынша статистиканы бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, республикада қазанмен салыстырғанда қараша айында КВИ жұқтырғандар саны 3,7 есе өскен.

"Елімізде барлық жағдайдың 70 пайызы қызыл аймақта тұрған 5 өңірге тиесілі.

Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бүгінде аймақ әкімдері қоғамдық тамақтану орындарына келушілердің санын шектеу, кәсіпкерлік және өзге де қызмет обьектілерінің жұмыс кестесін қысқартуға, демалыс күндері қоғамдық орындарға және көлік қозғалысын тоқтату сынды қатаң шаралар қабылдады", - деді ол брифингте.

27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті 5 өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген. Олар: Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Қостанай облысы және Ақмола облысы.

Алматы қаласында да вирус жұқтыру жағдайлары өсіп келеді. Қалған өңірлер жасыл аймақта, жағдай тұрақты, бірақ жұқпалы КВИ аурулары тіркеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!