27 қыркүйек 2021 08:55

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © ️Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: © ️Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

25 қыркүйекте, бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.


25 қыркүйекте, бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПТР-сынамасы расталған (КВИ+) 30 адам коронавирустан, ПТР-сынамасы теріс (КВИ-) 5 науқас пневмониядан қайтыс болды.

"25.09.2021 жылы пневмонияның 32 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 111 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 75305, 4800 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 61702-ге жетті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 27 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 63 845 адам коронавирус инфекциясынан (55 042 КВИ+ және 8 803 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 11 543 пациент стационарда,
  • 52 302 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 895 адамның жағдайы ауыр,
  • 222 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 142 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети