1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрілердің бағасы төмендейді 20 желтоқсан 2020, 17:40

Елімізде коронавирусқа қарсы дәрілердің бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл үшін ведомствоаралық комиссия коронавирустың таралуын болдырмау үшін шаралар
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Елімізде коронавирусқа қарсы дәрілердің бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл үшін ведомствоаралық комиссия коронавирустың таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтар-ақпан аралығында ЖРВИ мен тұмаудың өсуі аясында коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейінің арту қаупі бар.

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады:

  1. 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады;
  2. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін "Теңіз" кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі;
  3. Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24 пайызға төмендету бойынша шаралар қабылдау.

Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!