30 қараша 2021 16:43

Қазақстанда коронавирустан екі сәби қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда 2021 жылы COVID-19 инфекциясынан қанша бала қайтыс болғаны айтылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 2021 жылы COVID-19 инфекциясынан қанша бала қайтыс болғаны айтылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мәліметінше, 2021 жылғы 10 ай ішінде COVID-19 инфекциясынан Қазақстанда 11 бала қайтыс болған.

"Жедел деректер бойынша 2021 жылдың 10 айында COVID-19 инфекциясынан 1 айлық екі бала (Павлодар облысы, Алматы қаласы), 6 мектеп жасына дейінгі бала (Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары), 3 мектеп оқушысы (Қарағанды, Қызылорда облыстыры және Нұр-Сұлтан) қайтыс болды", - делінген Tengrinews.kz тілшісі сауалына департамент берген жауапта.

Ведомство мәліметінше, балалар арасында COVID-19 жұқтырудың алдын алу шаралары ересектердегідей: санитарлық нормаларды сақтау, медициналық бетперде тағу, адам көп жиналатын орындардан аулақ болу, вакцина алу.

"Балаларда COVID-19 жұқтырғанда клиникалық белгілер: дене қызуының жоғарылауы, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы түріндегі интоксикация синдромы дамиды, асқазан-ішек жолдары зақымдануы мүмкін, тыныс алу жеткіліксіздігі белгілері бар пневмония жағдайлары", - деді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар инфекционисі, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева былтырғымен салыстырғанда 2021 жылы коронавирусты ауыр өткерген балалар саны 20 есеге артқанын айтқан болатын. Орташа ауырлықтағы жағдайлар саны 10 есеге артқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети