09 сәуір 2020 18:02

Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың саны 60-қа жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

️Жамбыл облысының тұрғыны коронавирустан жазылып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020_kz сайтына сілтеме жасап.


️Жамбыл облысының тұрғыны коронавирустан жазылып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020_kz сайтына сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны коронавирустан сауығып шықты. Қырғыз Республикасынан оралғаннан кейін 24 наурызда одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен болатын.

Екі апта ішінде ол инфекциялық стационарда жатып, қажетті ем-дом шараларын қабылдады. Тұрғыннан екі рет талдау алынып, инфекцияның жоқтығы расталды. Он енді алдағы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде болады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұған дейін ауруы анықталған жүк тасымалын жүзеге асыратын 1958, 1975, 1984 жылдары туған үш қырғызстандық өз Отанына жіберілгені айтылады. Олардан мемлекеттік шекараны өту кезіндегі тексеріс барысында коронавирус анықталған. Арнайы автокөліктермен олар шекара маңындағы өткізу пунктіне жеткізіліп, ары қарай Қырғыз Республикасының медициналық қызметтері алып кетті. 

Айта кетейк, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны - 764.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети