20 қазан 2023 12:35

Қазақстанда кредит сомасына лимит енгізілуі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда "кредиттің ең жоғары сомасы" ұғымы енгізілуі мүмкін. Мұндай бастаманы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда "кредиттің ең жоғары сомасы" ұғымы енгізілуі мүмкін. Мұндай бастаманы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, Қазақстанда ірі көлемдегі тұтынушылық несиелерді белсенді түрде беру үрдісі байқалады.

"Тұтынушылық несиелендірудің өсуіне, ең алдымен, халық сұранысының артуы да әсер етеді. Бұл тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге сұраныс, тұтынушылық несиелерді кәсіпкерлік мақсатта пайдалану мүмкіндігі", - деді Әбілқасымова Парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, жыл басынан бері кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша орташа қарыз 913 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін өскен. Бұл ретте 5 миллион теңгеден асатын кепілсіз тұтынушылық несиенің үлесі қазірдің өзінде 12 пайыз болып отыр.

"Осыған байланысты тұтыну несиесінің шамадан тыс өсуін шектеудің қосымша шарасы ретінде агенттік заңнамалық деңгейде тұтынушылық кредиттің шекті көлеміне шектеу енгізуді ұсынып отыр", - деді Мәдина Әбілқасымова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети