22 маусым 2021 16:13

Қазақстанда қытайлық ірі компания криптовалюта өндіреді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шэньчжэнь BIT Mining Limited акционерлік компаниясы Қазақстанға криптовалюта өндіруге арналған жабдықтардың алғашқы партиясы сәтті жеткізілгенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шэньчжэнь BIT Mining Limited акционерлік компаниясы Қазақстанға криптовалюта өндіруге арналған жабдықтардың алғашқы партиясы сәтті жеткізілгенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания ақпараты бойынша, 320 машинадан тұратын алғашқы партия хэшрейтпен қамтамасыз етілуі керек (криптовалюта өндіруге арналған жабдықтың қуаты өлшенетін қондырғы - ескерт.). Ол 2021 жылдың 27 маусымына дейін орналастырылып, пайдалануға беріледі.

Жалпы жылдамдығы 102,3 PH/s болатын 2600 қондырғының екінші және үшінші партиясы Қазақстанға 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін жеткізіледі деп күтіледі.

"Біз қоршаған ортаны қорғауға және көмірқышқыл газының шығарылуын азайтуға тырысамыз. Кәсіпорынның өсу стратегиясы шеңберінде шетелде қызметімізді стратегиялық тұрғыдан кеңейтеміз. Техас пен Қазақстанға криптовалюта майнингі үшін деректерді өңдеу орталықтарына салған инвестициямыздан кейін өндірісті жеделдетеміз", - деді BIT Mining бас директоры Сянфэн Ян.

BIT Mining Limited - криптовалюта индустриясында ұзақ мерзімді құндылықты құру стратегиясы бар жетекші компания.

2021 жылғы мамырда Қазақстанда цифрлық майнингке салық енгізілетіні хабарланған болатын. Мәжіліс 12 мамырда мақұлдаған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында тиісті түзетулер көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети