02 наурыз 2015 11:46

Қазақстанда магистр дәрежесіне ие болғандар "Болашақ" бағдарламасына қатыса алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©bethana.org.ua ©bethana.org.ua

Қазақстандық магистр дәрежесіне ие азаматтар "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратураға түсе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығыметовке сілтеме жасап.


Қазақстандық магистр дәрежесіне ие азаматтар "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратураға түсе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығыметовке сілтеме жасап.

"Болашақ" бағдарламасына өзгеріс енгізу жобасы аясында қазақстандық магистр дәрежесі бар үміткерлер тобына "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратураға түсуге рұқсат ету туралы өзгеріс енгізу ұсынылып отыр, бұл жоба Премьер-министрдің кеңсесіне жіберілді. Осылайша, докторантура және магистратура бағдарламаларына қол жеткізу мүмкіндігі кеңейеді", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Нығыметовтың айтуынша, өткен жылдан бастап шет тілін және мемлекеттік тілдер туралы талап күшейді. Ағылшын тілін білу деңгейі 3-тен 4 IELTS-қа көтерілді. 

"Елдің индустриялық-инновациялық дамуына және "Нұрлы жол" инфрақұрылым жобасына кадр даярлау басым бағыт күйінде қалып отыр. Қазіргі уақытта "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандықтар тізімін есепке алынды, енді ол 343 мамандықтан тұрады. Оның көбі - техникалық мамандықтар (141 - техникалық, 79 - медициналық)", - деді ол. 

Сонымен қатар, орталық жетекшісінің айтуынша, "Болашақ" бағдарламасының аясында жаңа мамандықтар қосылды - аэроғарыш мониторингі, сараптама химия, агрономия, өндіріс технологиясы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тағы да басқа мамандықтар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети