19 тамыз 2021 13:35

Қазақстанда мектеп директорларының жалақысы қайта қаралады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағмабетов Қазақстандағы білім беру ұйымдары директорына еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағмабетов Қазақстандағы білім беру ұйымдары директорына еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймағамбетов қазіргі жалақы деңгейінде бәсекеге қабілетті менеджерлер мектеп жетекшісі болып жұмыс істеуге қызығушылық танытпайтынын айтты.

"Жалпы алғанда, ең жақсы мұғалімдер мектеп мұғалімдері мен мектеп директорлары болып жұмыс істеуге қызығушылық танытпайды. Мұны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан, әрине, мұнда өзгерістер қажет. Бізде мектеп директорының жалақысы төмен болған жағдайлар көп. Білім және ғылым министрлігі мектептер директорларына еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, оның ішінде әртүрлі ұйым үшін сыйақыны саралау.

Менің айтайын дегенім, 40 баласы бар мектеп директоры мен 1200-2000 баласы бар мектеп директоры бірдей жалақы алатыны. Әлбетте, мұнда жүктеме мен жауапкершілік дәрежесі әртүрлі", - деді Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында.

Директорларды тағайындаудың жаңа жүйесі балалар үйіне, мектеп және колледжге әсер етеді.

"Бұл туралы көп сұрақ туындады. Бізде бірқатар ұйым басшылары бір жерде 25 және 30 жыл жұмыс істеген жағдайлар болады. Сонымен қатар, тиімділік әрқашан жоғары бола бермейді. Сұрақ көп, сондықтан жаңа жүйелік тағайындау сапа мен тиімділілікті арттырады", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап алғаш рет білім беру ұйымы директорларының ротация институты енгізіледі.

"Біз бұл туралы былтыр айттық, осындай тапсырма қойылды. Заңнамалық актілерге түзетулер енгізуді аяқтадық, ал биыл іс жүзінде енгізуді бастаймыз. Өте маңызды бұйрық дайындалды, оған қол қойылды, ол қыркүйекте жұмыс істей бастайды. Біз негізгі нормаларды талқыладық", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети