10 желтоқсан 2015 16:38

Қазақстанда мектеп және аурухана асханалары жабылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Қазақстанда мектеп және аурухана асханалары жабылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Себебі жеке коммуналдық нысандарды жалға беру құны 10-20 есеге артқан.


Қазақстанда мектеп және аурухана асханалары жабылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Себебі жеке коммуналдық нысандарды жалға беру құны 10-20 есеге артқан.

Ақпарат құралының мәліметінше, мұндай ақпарат "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланды. Ұлттық экономика министрлігінің мемлекет мүлкін жалға беру туралы жаңа ережесіне сәйкес, жалданатын жеке коммуналдық нысандар бағасы бірнеше есеге өскен. Ең көп жалданып отырған жеке коммуналдық нысандар - мектеп, аурухана және әскери бөлімдер көрінеді.

"Мамандардың айтуынша, іскерлер жалға алу бағасын неліктен бірден көтеріп жібергенін түсініп отырған жоқ. Мәселе тағамдардың бағасын тым қымбаттатуға болмайтын әлеуметтік нысандарға қатысты болып отыр. Кәсіпкерлер үшін мектептерде, ауруханаларда немесе әскери бөлімдердің асханаларында жұмыс істеу тиімсіз. Бұл жерге көбінесе жалақысы көп емес мемлекеттік және әлеуметтік саладағы қызметкерлер келеді екен", - делінген жарияланымда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети