01 қараша 2022 13:49

Қазақстанда мектеп оқулықтарын планшетке ауыстыру ұсынылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының ауыр сөмкелерін қалай жеңілдетуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының ауыр сөмкелерін қалай жеңілдетуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Аймағамбетов ауыр сөмке ​​мәселесін шешудің, сондай-ақ мектептердегі цифрландыру деңгейін арттырудың кешенді шарасы ретінде планшеттерді қолдану ұсынылып отырғанын атап өтті.

"Планшет цифрлық оқулық, сондай-ақ үйден онлайн білім алу ресурстарына қол жеткізу құралы ретінде пайдаланылады", - деді ол.

Сонымен қатар, Аймағамбетов мұндай шаралар Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея және Түркия мектептерінде сынақтан өтіп, жақсы нәтиже көрсеткенін баса айтты.

Үкімет отырысында журналистер Білім министрінен планшеттің бала денсаулығына зияны бар-жоғын сұрады.

"Планшет пен компьютер әлемнің көптеген елдерінде қолданылады, енді бұл әлемдегі ең кең таралған тәжірибелердің бірі деп айта аламыз. Зиянды, зиянды емес, қанша уақыт қолдануға болады деген мәселелер әлі де талқыланады және бәрі ескеріледі", - деп жауап берді министр Асхат Аймағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети