21 ақпан 2022 | 13:45

Қазақстанда мобильді аударымдар қалай тексеріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар қандай жағдайда кәсіптен түскен кіріс ретінде бағаланатыны сипатталған жоба дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар қандай жағдайда кәсіптен түскен кіріс ретінде бағаланатыны сипатталған жоба дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат 2 наурызға дейін "Ашық НҚА" сайтына жария талқылауға шығарылды.

Банктік шоттарына мобильді аударымдар арқылы табыс түсетін кәсіпкерлерді мына критерий бойынша анықтау жоспарланып отыр:

"Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан ағымдағы банктік шотқа ақша қаражатын алуы болып табылады", - делінген құжатта.

Яғни жеке тұлғаға үш айда 100 адамнан ақша аударылса, онда мұндай қызмет кәсіпкерліктен табыс алу белгілеріне жатқызылады.

Қаржы министрлігі банктердің осындай операциялар туралы мәліметтерді ұсыну мерзімдерін де бекітуді жоспарлап отыр. Банктер мен ұйымдар сұратуды алған күннен бастап белгілі бір мерзім ішінде мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетіне Microsoft Excel форматында электрон пошта арқылы жібереді.

Бұған дейін Қазақстанда "мобильді төлемдер" ұғымы енгізілген болатын, кәсіпкерлерге кәсіптен түсетін ақша мен жеке түсімдерді бөлу міндеті жүктелді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға желтоқсанда қол қойды.

Мобильді аударымдар қашан реттеледі және ереже бұзғандар қалай жазаланады?

Бұдан басқа, Салық кодексіне түзетулер интернет арқылы өткізілген тауарларға цифрлық салық енгізуді де көздейді ("Google-ге салық"). 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тауарлар мен қызметтер көрсететін шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС тіркеуі мен төлеуінің оңайлатылған тәртібі көрсетілді.

Мобильді аударымдарда жаңа функция пайда болады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети