16 наурыз 2022 17:41

Қазақстанда несиені жою мен зейнет жасын төмендету туралы фейк тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда несиені жою мен зейнет жасын төмендетуге қатысты жаңа реформа туралы жалған хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанда несиені жою мен зейнет жасын төмендетуге қатысты жаңа реформа туралы жалған хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламада әр балаға 60 мың теңгеден жәрдемақы төленеді, әйелдер мен ерлердің зейнеткерлік жасы, тиісінше, 55 және 60 жасқа дейін төмендетіледі, халықтың тұтынушылық несиесі түгел жойылады, ал көпбалалы отбасыларға елдің кез келген қаласынан тегін баспана беріледі делінген. Бұл жалған.

"Елімізде мұндай реформа жүргізілген жоқ.

Аталған идеялардың авторы қазақстандық журналист Ербол Мәндібек. Ол бұл туралы биыл 13 наурызда Facebook-тегі парақшасында жазып, мұның дайындалып жатқан реформа немесе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері емес, өз ойы екенін айтқан. Алайда, тарап жатқан хабарламада бұл нақтылаулар жоқ", - делінген Stopfake.kz хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдау жасады. Онда мұндай реформалар туралы айтылмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети