25 тамыз 2014 15:32

Қазақстанда оқу ақысы көтерілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ew-realestate.de ©ew-realestate.de

Қазақстанда жаңа оқу жылында жоғарғы оқу орындарында білім алу ақысы қымбаттамайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл ЖОО-ларда оқу ақысы жоғарыламайды. Ол мемлекеттік грант құнына байланып тұр. Ұлттық, мемлекеттік оқу орындарында мемлекеттік гранттың құны өзгермейді. Бұл - біздің табанды ұстанымымыз, өйткені оқу ақысы білімнің қолжетімділігіне әсер етеді. ЖОО-ларда оқу құнының биыл өзгермейтіні анық", - деді министр.

Сәрінжіпов "Білім туралы" заңның кәсіптік-техникалық білімге қатысты тұстарына түзетулер енгізгелі отырғанын айтты. "Министрлік тарапынан "Білім туралы" жаңа заңға қыркүйекте түзетулер енгіземіз. Біз алғашқы техникалық мамандықты тегін меңгеруге мүмкіндік беретін нормаларды қарастырып отырмыз. Біз балалар далада қалмасын, өзінің әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан, мамандықты меңгерсін деген ниеттеміз. Біз сондай ұсыныс енгіземіз. Үкімет, депутаттар, әкімшілік бізді қолдай ма - оны көре жатамыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети