Қазақстанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылды Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өкімге сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусымда сағат 11:00-де Астанада өтеді.

Бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатыны хабарлаған болатын.

"Қос палатаның бірлескен отырысына міндетті түрде қатысамын: тарихи кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылап, ел дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі мақсат-міндеттерге тоқталып өтемін. Біз, Қазақстан халқы жасампаз әрі озық ойлы ұлт ретінде алысқа көз тігеміз. Осы даңғыл жолда берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды күшейтіп, барлық мақсатымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін", – деді Мемлекет басшысы кеше БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Парламент палаталарының алдағы бірлескен отырысы Қазақстан тарихындағы соңғы жиын болмақ. 1 шілдеден бастап жаңа Конституция өз күшіне енеді, оған сәйкес Құрылтай қазіргі қос палаталы Парламенттің құқықтық мұрагері болады. Оған депутаттарды сайлау тамызда өтуі тиіс.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан Мәжілісінің тарихтағы соңғы отырысы өтті.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +24
Ақтау +22
Ақтөбе +16
Атырау +25
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +20
П
Павлодар +17
Петропавл +21
С
Семей +20
Т
Талдықорған +25
Тараз +29
Түркістан +16
О
Орал +18
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер