2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерді химиялық кастрациялау түріндегі мәжбүрлі емдеуді қарастыратын заң күшіне енді, - деп хабарлайды РИА Новости.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерді химиялық кастрациялау түріндегі мәжбүрлі емдеуді қарастыратын заң күшіне енді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Еске салайық, 2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған еді. Заң жобасындағы өзгертулердің ішінде педофилдерді піштіру жазасын қолданысқа енгізу де бар.
Хабарламада Заңның балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталғаны айтылады. Заң жобасындағы өзгертулердің ішінде педофилдерді піштіру жазасын қолданысқа енгізу де бар.
"ӘҚБтК, қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер жыныстық қол сұғушылық мәніндегі қылмыстардың жазасын қатаңдатуға бағытталады. Оның ішінде педофилдерге химиялық кастрация түріндегі медициналық шараны қолдану нормасы бар", - деп мәлімдеген болатын Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Төлеубек Мұқашев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында.
Сонымен қатар, заң жобасында жетім балалар туралы республикалық мәліметтер банкін құру мәселесі де қарастырылған.