25 шілде 2020 15:56

Қазақстанда пневмониядан сауыққандар саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Айнаш Өндіріс Сурет: Айнаш Өндіріс

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан сауыққандар саны 63 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан сауыққандар саны 63 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 1-25 шілде аралығында коронавирус пен пневмониядан сауыққан қазақстандықтар саны 63,8 пайызға артқан.

"COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендеді;

Жедел жәрдем шақыру 35 пайызға қысқарды, оның ішінде КВИ бойынша 37 пайыз;

Реанимациялық төсек-орындармен қамтамасыз ету 73 пайыздан 57 пайызға дейін төмендеді;

Провизорлық және инфекциялық стационарлардың жүктемесі 54 пайызға дейін азайды;

Жазылып шыққандар саны 63 пайызға артты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлемде бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандардың саны бойынша рекорд тіркелді. ДДҰ мәліметтері бойынша, 24 шілдеде кешке вирус анықталғандар саны 284 мыңнан асып, тағы 9,7 мыңнан аса адам қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети