15 қараша 2023 15:45

Қазақстанда полицияға жаңа өкілеттер берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған нормалар әзірленді. Олар туралы толығырақ Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған нормалар әзірленді. Олар туралы толығырақ Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, осы жұмыстың шеңберінде, жоғарыда көрсетілген заң жобасында және басқа да заң жобаларында қосымша нормалар ұсынылып отыр

"Жәбірленушінің мәлімдемесін күтпей-ақ, қорқыту немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері орын алған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарындағы немесе онлайн платформалардағы хабарламалар негізінде уәкілетті органдарға жеке алдын алу шараларын қабылдау құқығын беру", - деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-те.

Сондай-ақ:

  • Отбасы жағдайында ұрып-соғу немесе басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу.
  • Әйелдердің денсаулығына жеңіл зиян келтірілсе де қылмыстық жауапкершілікке тарту.
  • Жәбірленуші мен баланы емес, агрессорды үйден шығару. Өкінішке қарай қазір жағдай керісінше болып отыр.
  • Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау, өзін-өзі өлтіруге итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу.
  • Өз-өзіне қол жұмсау фактісі орын алса автоматты түрде қылмыстық іс қозғау.
  • Сотқа отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарға агрессивті мінез-құлықты өзгерту үшін міндетті медициналық психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
  • отбасы-тұрмыстық қатынастарда ұялы байланыс, электрондық пошта және интернетті пайдалана отырып, бір тұлғаның екінші тұлғаға қысым көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу.
  • харассмент үшін жауапкершілікке тарту.

Балаларға қатысты:

  • Балаларды жолаушылар көлігінен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салу;
  • Көп қабатты үйлерде арнайы құлпы бар терезелерді орнатуды міндеттеу. Бұл балалардың трезеден құлап кетпеуіне жол бермеу үшін қажет.
  • Педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру. Басқа баламалы жазаны қабылдамау.
  • Бұған дейін педофилия үшін сотталған және өкінішке қарай, бостандыққа шығатындар үшін соттылығы жойылғанына қарамастан өмір бойына әкімшілік қадағалауды енгізу ұсынылады, осылайша олар үнемі құқық қорғау органдарының бақылауында болады.
  • Балаларға, ересектерге арналған барлық жабық интернаттық мекемелерге (балалар үйлері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттар, қарттар үйлері және т.б.) күтпеген тексеру жүргізу нормасын енгізу;
  • Қылмыстың алдын алу үшін оңалту немесе басқа да осыған ұқсас профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін қолайсыз әлеуметтік ортадағы және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды ерте анықтау шаралары ұсынылады.

"Бұл басталған нормалардың бір бөлігі ғана. Пікірталас көп болады, бірақ әйелдер мен балалар толығымен қорғалуы керек екенін түсіну маңызды. Әрине, бәрін заңмен шешу мүмкін емес, оларды жүзеге асыруда көптеген проблема бар. Біз мұны да назардан тыс қалдырмаймыз. Үкімет бұл ұсыныстарды қолдайды деп сенемін. Заң мен Тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети