09 маусым 2019 | 09:16

Қазақстанда Президент сайлауы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстанда Президент сайлауы өтіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі сайлау процесінің қалай өтіп жатқанын бақылап отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстанда Президент сайлауы өтіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі сайлау процесінің қалай өтіп жатқанын бақылап отыр.

Жалғасы

Осымен мәтін трансляциясын аяқтаймыз. Бірге болғандарыңызға рақмет!

Exit poll нәтижесі жарияланды

17:27

Біздің тілшіміз Калачи ("сонное" ауылы) ауылына барып, сайлау қалай өтіп жатқанын көрді.

17:24

Атақты ауыр атлет Илья Ильин Лондондағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді

16:41

ОСК мәліметінше, ең төмен дауыс беру Алматы қаласында - 45,7 пайыз. Ең жоғары көрсеткіш - Ақтөбе облысында 79,7 пайыз.

16:29

Орал қаласындағы перинаталдық орталықта осылай дауыс берді.

"Біздің науқастар сайлауға көңіл-күйлеріне байланысты барады. Аналар баланы палатада қалдырып, дауыс беруге барып жатты. Осы уақытта баланы медбике қарайды. Барлығы 80 әйел дауыс берді".

16:12

Қызылорда облысы Арал қаласының № 42 учаскесінде ер адам мас күйінде құжатсыз дауыс беруге келген. Сайлау комиссиясының мүшелері оның жеке куәлігін талап еткеннен кейін, ол жанжал шығарған. Сайлау учаскесінен шығып бара жатып, урнаны теуіп кеткен.

15:38

Есік қаласының тұрғыны Балаханым Байрамова 105 жаста. Сайлау үйге "келді".

15:24

Нұр-Сұлтан мен Алматыда 100 шақты адам митингіде ұсталды

15:19

Атыраудағы Махамбет Өтемісов атындағы драма театрының актерлері сайлауға сахналық костюмдер киіп келді. Олар "Қыз Жібек"қойылымынан бірнеше ән орындады.

14:54

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов сайлауға жұбайы Фатимамен бірге келді.

14:39

Өскеменде сайлау учаскесіне ҰОС ардагері Павел Ященко келді. Оның айтуынша, ол бірде-бір сайлауды жібермеген. Павел Александрович жұбайымен бірге жүрді.

14:26

Қазақстандық еркін күрес шебері Ислам Байрамуков президент сайлауында дауыс берді.

14:18

Орталық сайлау комиссиясының сағат 14.00-дегі мәліметтері бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

14:03

Қарағанды облысының әкімі сайлау учаскесіне әйелі және қызымен бірге келді. Олар Қарағандыда 83-ші мектепте дауыс берді. Ерлан Қошановтың айтуынша, қызы Нұр-Сұлтанда тұрады, бірақ жаңа президент үшін отбасымен дауыс беру үшін есептен шығару талонын алған. "Біз үшін бұл отбасылық мереке", - деді әкім.

13:42.

Өскеменде сайлауға жас жұбайлар келді. Эльдар Майданбеков есімді жігіт қызға жарты жыл бұрын ұсыныс жасаған. Заңды некеге тұру күні ретінде жастар 9 маусым күнін таңдаған, алайда олар осы күні елімізде Президент сайлауы өтетінін білмеген. 

13:15

Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова денсаулық жағдайы бойынша өз үйінде дауыс берді. "Менің немерелерім мен шөберелерім бақытты әрі қуанышты өмір сүргенін қалаймын. Өйткені біздің замандастарымыз күрделі кезеңде өмір сүрді: репрессия және ҰОС, аштық қорқынышты. Мен осының бәрін көрдім. Бүгінде жасым 90-ға таяп қалдым. Бейбітшілік, тыныштық, бақыт. Өмір сүріп, жұмыс істегенімізді қалаймын. Мен жұмыс істеуге тырысамын, қол қусырып отыру - бұл үлкен қылмыс. Сайлау учаскесіне бара алмадым. Мемлекетіміздің аяққа нық тұруын қалаймын", - деп атап өтті ол.

13:08

Сонымен қатар, Астана мен Алматыда ДВК (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жақтастарының митингілері өтіп жатыр 

13:03

Сайлау учаскесінде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты жанкүйерлер қоршап алды.

12:53

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев президент сайлауына дауыс берді.

12:44

Президенттікке кандидаттардың барлығы дауыс берді

12.17

Орталық сайлау комиссиясының сағат 12.00-дегі мәліметтері бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың 35,1 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

12.08

Сайлау барысында халықаралық бақылаушылардың бірі - "РУДН құрамасы" КТК командасының қатысушысы Сангаджи Тарбаев. "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы. Таңертеңнен бастап ТМД-дан халықаралық бақылаушы ретінде Нұр-сұлтан қаласының 79 учаскесінде жүрмін. Әзірге ереже бұзушылықтар тіркелген жоқ..."- деп жазды ол Instagram парақшасында.

12.01

Әміржан Қосанов та сайлау учаскесіне келді.

11.57 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау уақыты бойынша сағат 8.30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9.30-да) дауыс берді.

11.53

Елордалық зейнеткер Алма Байпақова. Жасы 80-де. 

Атырауда 100 жастағы әжей дауыс берді. Балзиба Мәжитова сайлау учаскесіне туыстарымен келді. 2019 жылдың шілдесінде Балзиба Мәжитова 101 жасқа толады екен.


© instagram.com/atyrauakimat

11.27 

№ 57 сайлау учаскесі.

11.24

Орталық сайлау комиссиясының сағат 10.00-дегі мәліметтері бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Сағат 12.00-де дауыс берушілерге қатысты жаңа мәлімет пайда болады.

11.05

Нұр-Сұлтандағы №72 мектепте орналасқан №57 сайлау учаскесі. Мұнда президенттікке үміткер Әміржан Қосанов дауыс беруі тиіс. Мектеп оқушылары дауыс берушілерге кішігірім концерт ұйымдастырды.

11.02

Президенттікке үміткер Дания Еспаева.

10.59

Мәскеуде өтіп жатқан сайлау процесін онлайн көруге болады. Сайлау учаскесі Қазақстан елшілігінде орналасқан.

10.53

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: "Әр солтүстікқазақстандықтың даусы еліміз үшін маңызды".

10.47

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жарымен бірге Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан сайлау учаскесіне келді.

10.39

Бүгін сайлау күні қоғамдық көліктерде жүру тегін.

10.37

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов № 138 сайлау учаскесінде дауыс берді.

10.28

Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауында дауыс берді.

10.26

"Қазақстанның болашағы үшін және тұрақтылық үшін дауыс бердім", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

10.13

БҚО әкімі Алтай Көлгінов Оралда дауыс берді. Ол сайлау учаскесіне отбасымен - ата-анасымен, балаларымен келді. 

10.11

Роза Рымбаева Алматыдағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №254 сайлау учаскесінде дауыс берді. Әншінің айтуынша, ол Қазақстанның гүлденуіне, өмір сүрудің жаңа деңгейіне, жаңа бағдарламалар үшін дауыс берді. 

10.03

"Ауыл" партиясы атынан президенттікке үміткер Төлеутай Рахымбеков дауыс беруге жарымен, қызымен және немерелерімен келді.

10.01

Сенат спикері Дариға Назарбаева да өз таңдауын жасады.

10.00

Орталық сайлау комиссиясының сағат 10.00-дегі мәліметтері бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

"Олардың ішінде: Ақмола облысы бойынша - 20,5 пайыз, Ақтөбе облысы - 16,0, Алматы облысы - 17,7, Атырау облысы - 8,5, Шығыс Қазақстан облысы - 15,5, Жамбыл облысы - 18,5, Батыс Қазақстан облысы - 7,4, Қарағанды облысы - 10,1, Қызылорда облысы - 11,1, Қостанай облысы - 12,8, Маңғыстау облысы - 9,7, Павлодар облысы - 11,4, Солтүстік Қазақстан облысы - 14,2, Түркістан облысы -14,5, Нұр-Сұлтан - 10,3, Алматы қаласы - 4,1, Шымкент қаласы - 11,9 пайыз", - делінген Орталық сайлау комиссиясының сайтында.

09.58

Сәдібек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы атынан президенттікке үміткер. Сайлау учаскесіне шапан киіп келді.

09.55

Қазақстандықтар дауыс беруге отбасымен келіп жатыр.

09.50

Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскери қызметкерлердің 100 пайызы кезектен тыс сайлауда дауыс бергенін хабарлайды.

09.41

Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Опера" театрында сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Бүгін ерекше, тарихи күн деуге болады. Меніңше, әрбір сайлау, әсіресе Президент сайлауы шайқас алаңы емес. Бұл тек бағдарламалар мен пікірлердің жарысы. Біздің халық елімізде болып жатқан саяси жағдайларға ешқашан немқұрайлы қараған емес. Бұл жолы да халқымыз белсенді болып, еліміздің болашағы үшін дауыс береді деп сенемін", - деді Тоқаев.

09.39

Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында да дауыс беру жүріп жатыр.

09.25

Журналистер президенттікте үміткер Амангелді Таспиховпен сөйлесті. Ол сайлауға жарымен бірге келді. "Көңіл-күйім өте жақсы... Барлық позициямызды қолдады. Соның арқасында бізде сенім бар. Сондықтан көңіл-күй де жақсы", - деді Таспихов.

09.15

Елордадағы сайлау учаскелерінде Головкиннің жекпе-жегі көрсетілді. Кездесу ұзаққа созылған жоқ, GGG Роллсты 4-раундта нокаутпен жеңді.

09.14

Алматы әкімі Бауыржан Байбек дауыс беруге жарымен және ұлымен келді. Қала әкімі №40 мектепте орналасқан № 235 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Барлық алматылықты осы күнмен құттықтаймын! Бүгін сайлау, әрбір қазақстандық, солардың қатарында алматылықтар да болашағы үшін - балалары, немерелері, еліміздің гүлденуі мен тұрақтылық үшін таңдау жасайды деп ойлаймын", - деді Бауыржан Байбек.

09.10

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы атынан президенттікте үміткер Амангелді Таспихов.

09.09

Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов Instagram желісіндегі жазылушыларын сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге шақырды.

09.01

"Бүгін мен өз елімнің азаматы ретінде жарыммен бірге азаматтық міндетімді орындауға - өзімнің сайлау учаскемде дауыс беруге келдім. Барлығыңызды осындай ерекше күнмен құттықтаймын! Бүгін павлодарлықтар да барлық қазақстандық сияқты өз таңдауын жасайды дегенге сенемін", - деді Павлодар әкімі Әнуар Күмпекеев. Әкім №22 мектепте №75 сайлау учаскесінде дауыс берді.

08.58

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та жақсы көңіл-күймен облыстық кітапханаға № 15 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Ол дауыс беруге жарымен және төрт баласымен келді.

08.46

Бақытжан Сағынтаев (Президент Әкімшілігінің басшысы) таңертеңнен бері көтеріңкі көңіл-күймен жүрді. Ол "Астана Опера" театрында сайлау учаскесіне келді.

 

08.37

Үкіметтегілердің мәліметінше, премьер-министр Асқар Мамин сағат 7.30-да № 138 сайлау учаскесінде дауыс берді.

07.57

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та дауыс беруге қатысты.

7.00

Еліміздің басым бөлігінде сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Сайлауға қатысу жайлы қазақстандықтар жиі қоятын 3 сұрақтың жауабы

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети