22 қыркүйек 2022 12:21

Қазақстанда президент сайлауының қорытындысы қашан жарияланады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін президент сайлауының қорытындысы жарияланатын күн белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін президент сайлауының қорытындысы жарияланатын күн белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент сайлауының жоспарын Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. Оның айтуынша, бүкіл сайлау науқаны дауыс беру күнін қосқанда 60 күнге созылады.

23 қыркүйек пен 21 қазан Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін кандидаттың Конституция мен Конституциялық заң талаптарына сәйкестігі анықталады.

Қолдарды жинау және тексеру 29 күнге созылады.

"21 қазанда сағат 18.00-ден бастап 28 күнге созылатын сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары дауыс беру алдындағы күні сағат 00.00-ге дейін жүргізіледі. 19 қараша - үнсіздік күні.

Дауыс беру 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Сайлау учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кешіктірілмей есептеледі. Әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктер бойынша дауыстарды санау нәтижелерiн аумақтық сайлау комиссиялары белгiлейдi және екi күн ішінде, яғни 22 қарашаға дейiн Ортсайлаукомға жеткiзедi.

Нәтижелерді анықтау және сайланған президентті тіркеу қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес ОСК-ға 7 күннен аспай тіркеледі. Сайлау қорытындылары туралы хабарлама 10 күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Яғни, 30 қарашаға дейін барлық сайлау процедуралары мен ресми жарияланымдар жүргізіледі", - деді Петров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети