26 сәуір 2021 09:42

Қазақстанда QazVac препаратымен вакцинация басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған скрин Видеодан алынған скрин

Қазақстанда отандық QazVac препаратымен вакцинациялау науқаны басталды. Алғашқылардың бірі болып тікелей эфирде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда отандық QazVac препаратымен вакцинациялау науқаны басталды. Алғашқылардың бірі болып тікелей эфирде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері QazVac-тың алғашқы партиясы қоймаларға жеткенін хабарлады. 6 мыңнан аса доза, оның ішінде бірінші және екінші компонент келді. Нұр-Сұлтан қоймаларында "Спутник-V"-мен бірге жалпы 55 мың доза бар.

Басқарма басшысы Тимур Мұратов тұрғындар қай вакцинаны салдыратынын өзі таңдай алатынын атап өтті. Оның айтуынша, тәулігіне 6 мыңға жуық астаналық егіледі.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой №9 қалалық емханада вакцинацияланды, онда отандық препараттың 300 дозасы жеткізілген. Вакцина бірреттік, яғни бір адамға бір құты.

Министрге 30 минут демалуға кеңес берілді. Вакцина салынған жерге үш күн су тигізуге болмайды. Осы уақыт аралығында адам әлсіздік сезуі мүмкін. Сонымен қатар, алкоголь ішпеу ұсынылды. 

Кейін Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановты жұмысқа алу туралы сұраққа жауап берді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети