Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда Qnet компаниясына қатысты қылмыстық тергеу басталды 17 мамыр 2022, 11:47

Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халыққа ақпарат беру мақсатында Qnet компаниясының қызметіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 217-бабы ("Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету") бойынша Алматы қаласы ПД Соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаймын", - деп жазды ол Telegram-каналында

Рустам Әбдірахмановтың мәліметінше, тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Qnet ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет жүргізбейді, компанияның банктік және инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензиялары мен өзге де рұқсат құжаттары, сондай-ақ банк операциялары жоқ.

Халықтан қырағы болуын және қаржы ресурстарын инвестициялауды қадағалауды сұраймын. Құқық қорғау органдарына Qnet компаниясы материалдық шығын келтіргені туралы арызбен 220-дан аса адам жүгінген", - деді Алматы ПД басшысының орынбасары. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram