Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдары ашылады - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдары ашылады - Тоқаев

Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин ұзақ келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады. Қазақстан Президенті елімізде ең таңдаулы деген ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстанда инженерлік-техникалық кадрларға деген сұранысты ескеріп, білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылғанын атап өтті.

"Келіссөздер барысында Владимир Владимировичке Ресей Федерациясының ең танымал университеттерінің, әсіресе техникалық университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашуға келісім бергені үшін алғысымды білдірдім. Олар Қазақстандағы білім беру саласына үлкен үлес қосады деп ойлаймын", - деді Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарының желісін кеңейту жөніндегі елеулі келісімдерді құптайтынын айтты.

"Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл - Мәскеу инженерлік-физикалық институты, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. Бұл білім саласындағы өзара қолдаудың өте салмақты ілгерілеуі деп есептеймін", - деді Қазақстан Президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети