13 ақпан 2022 16:35

Вице-министр ресейлік университеттердің филиалдарын ашуға қатысты сындарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев елімізде Ресей университеттері филиалдарын ашуға қатысты сыни пікірлерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев елімізде Ресей университеттері филиалдарын ашуға қатысты сыни пікірлерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қуаныш Ерғалиев Facebook-тегі парақшасында елдегі Ресей университеттерінің филиалдарын ашуға қатысты қоғамда қате көзқарас қалыптастыратын деструктивті сипаттағы біржақты пікірлерге тап болып жатқанын айтты. 

"Мен бұған дейін білім беру секторын жақсарту бойынша Қазақстан мен РФ арасындағы серіктестіктің бірқатар негізгі қағидаттарын түсіндіріп өткенмін. Осыған байланысты көзқарасыммен бірқатар толықтыруларды жеткізгім келіп отыр:

Біріншіден, стратегиялық серіктестік, ең алдымен, екі тарап үшін де өзара тиімді ортақ мақсаттар мен мүдделерге қол жеткізуге бағытталған. Өткен күндері Мемлекет басшысының жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация құрамында Мәскеуге барып қайттым. Сапар барысында ресейлік әріптестермен бірқатар маңызды келісімге қол жеткізіп, соның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен РФ ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум ҚР аумағындағы жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды, сондай-ақ, өз кезегінде Ресейде де қазақстандық ЖОО өкілдіктерін тең негізде ашуды көздейді, бұл екі тарап үшін де тепе-тең құқықтар мен ортақ жағдайларды туғызады.

Екіншіден, мемлекет тарапынан білім беру қызметін лицензиялау ережелеріне сәйкес барлық стандарттар мен сапа деңгейі сақталады. Яғни, ҚР аумағында филиалдарды ашқан кезде ресейлік жоғары оқу орындары маман даярлау жөніндегі қазақстандық лицензиялау ережелерін ескере отырып, қос лицензиялау көзделетін болады. Бұл екі елдің өзара мүдделері ескерілетін екіжақты тиімді ынтымақтастықтың айқын көрінісі.

Үшіншіден, мен бұған дейін де инженерлік-техникалық бейіндегі жоғары білікті кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, Қазақстандағы жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдар желісін кеңейту және Ресейде "Болашақ" бағдарламасы Centre for International Programmes - Bolashaq бойынша мамандар даярлау жоспарланғанын жазған едім. Алайда, бұл біздің студенттер әлемнің жетекші оқу орындарында оқи алмайды деген сөз емес. Қазақстандық студенттер ресейлік ЖОО қоса, әлемнің 27 елінің 200-ден астам университеттерінде үздік білім алу мүмкіндігіне ие. Яғни біздің студенттер үшін РФ университеттері ЖОО таңдау кезінде қосымша балама саналады.

Төртіншіден, инженерлік дамудың қалыптасу кезеңінде Ресей әлемдегі жетекші инженерлік державалардың үштігіне кірді. Барлығымыз тарихтан ұзақ уақыт бойы Кеңес Одағының, содан кейін Ресейдің аэроғарыш, зымыран, ядролық физика және инженерия саласындағы көшбасшы болғанынына куә болдық. Тіпті, бүкіл дүниежүзі үшін спутник адамзаттың жаңа әрі ғарышты жаулап алу дәуірінің айқын бейнесі болды. Бүгінгі таңда ресейлік мамандардың технологиялық жетістіктері артып келеді. Тиісінше, Ресейлік оқу орындарында кадрлар даярлау батыстық білім деңгейінен еш кем түспейді деп білемін.

Бесіншіден, Ресей университеттерінде алған білім шетелде жоғары бағаланады. Өз тәжірибемнен айтар болсам, АҚШ-та оқып жүргенімде, мен іргелі білімнің арқасында магистратура және PhD бағдарламалары бойынша оқуын сәтті жалғастырып жүрген көптеген ресейлік түлектерді кездестірдім. Батыс университеттері Ресейлік студенттердің негізгі білімін бағалайтынына бірнеше рет назар аудардым, яғни бұл алған білімнің бәсекеге қабілеттілігінің тағы бір дәлелі. Сондай-ақ, Ресей университеттерінің дипломдары әлемнің көптеген елінде растауды қажет етпейді.
Жалпы, ресейлік университеттердің филиалдарын ашу білім беру нарығына да, отандық университеттердің дамуына да жаңа серпін әкелері сөзсіз. Жергілікті университеттер білім беру сапасын жақсартуға ұмтыла отырып, бәсекелестікті күшейтіп, халықаралық университеттерден қалыс қалмай, инфрақұрылымды дамытуға инвестиция құяды", - деп жазды вице-министр.

Қуаныш Ерғалиев бір жыл бұрын ректорлық қызметте жүргенінде, әріптестерімен бірге шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашудың білім беру жүйесіне әсерін кеңінен талқылап, сол кездің өзінде әріптестері СДУ қабырғасында бірқатар маңызды басқарушылық шешім қабылдағанын, бүгінде солардың көбі сәтті іске асырыла бастағанын айтты.

"Қабылданып жатқан шаралар отандық жоғары білім берудің әлеуеті мен сапасын арттыруға, ғылыми және академиялық экожүйені дамытуға оң ықпал ететінін, сондай-ақ жоғары оқу орындарын білім мен ғылымға инновациялық тәсілдер мен әлемдік стандарттарды енгізуге ынталандыратынын тағы да атап өткім келеді.

Ең бастысы, бұл шаралардан тек біздің ұрпағымыз ұтады. Отандық білім берудің жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі артып, сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлау күшейтіледі, жоғары білім сапасы жоғарылап, түлектер таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алады", - деді ол.

Білім вице-министрі жақын уақытта, жастардың өздері-ақ ресейлік университеттердің білім сапасы мен деңгейіне іс жүзінде баға бере алатынын қоса айтты.

Еске салайық, Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин ұзақ келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады. Қазақстан Президенті елімізде ең таңдаулы деген ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети