Қазақстанда салық рақымшылығы болуы мүмкін бе? Бектенов жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Жуырда "Ақ жол" депутаттық фракциясы оффшорлық аймақтардан және басқа да шетелдік юрисдикциялардан капиталды қайтару үшін рақымшылық жариялауды ұсынды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттардың ұсынысына жауап қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жуырда "Ақ жол" депутаттық фракциясы оффшорлық аймақтардан және басқа да шетелдік юрисдикциялардан капиталды қайтару үшін рақымшылық жариялауды ұсынды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттардың ұсынысына жауап қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2001-2014 жылдар аралығында Қазақстанда капиталды жария етудің үш кезеңі өткізілген, оның қорытындысы бойынша бюджетке 6,674 трлн теңге, соның ішінде бірінші кезеңде 70 млрд теңге, екінші кезеңде 904 млрд теңге және үшінші кезеңде 5,7 трлн теңге түскен.

"Офшорлық аймақтардан және басқа да шетелдік юрисдикциялардан капиталды қайтару үшін рақымшылық жасау туралы ұсыныс елдің қаржылық орнықтылығын нығайту және инвестициялық әлеуетін арттыру жөніндегі ықтимал құралдардың бірі саналады. Сонымен қатар, бұл мәселе кешенді әрі салмақты тәсілді талап етеді", - деді ол.

Олжас Бектенов офшорлық аймақтардан және шетелдік юрисдикциялардан капиталды қайтару үшін рақымшылық жариялау туралы мәселе мұқият әрі жан-жақты талдауды талап ететінін мәлімдеді.

"Рақымшылық жасау кезінде жасалған қылмыстық іс-әрекеттердің, әсіресе, егер олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған болса не террористік әрекеттермен, есірткі қылмыстарымен және басқа да ауыр құқықбұзушылықтармен байланысты болса, ауырлығын ескеру қажет. Сонымен қатар, төрелік даулардың тәуекелдерін, халықаралық келісімдер сақталуын, қайтарылатын активтер орналасқан елдердің ұлттық заңнамасын ескере отырып, қаржылық шығындарды зерделеу қажет", - деді Үкімет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer