02 қыркүйек 2020 10:06

Қазақстанда салық саны азаяды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay.com © Pixabay.com

Қазақстанда салық пен төлемдер саны азаяды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда салық пен төлемдер саны азаяды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрі, 10 төлемақы және 6 алым көзделген. Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізілетін болады", - деді Дәленов.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, экономиканың аса көп зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын қолдану мәселесі зерделенеді.

"Бюджеттің түйінді коэффиценттері жиынтығы әзірленеді. Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау енгізіледі. "Кеңейтілген бюджетті" енгізу шеңберінде шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорларды қосу арқылы Мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізіледі", - деді ұлттық экономика министрі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети