Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанда сайлаушылардың 77 пайызы дауыс берді

20 Наурыз 2016, 22:55
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындыларын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда дауыс беру аяқталды. ОСК шетелде Қазақстан өкілдіктерінің жанында құрылған 65 сайлау учаскесі бойынша деректерсіз сайлаушылардың келуі туралы жедел мәліметтерді ұсынды. Олардан мәліметтер кешірек түседі.

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларынан келіп түскен хабарлар бойынша тізімдерге енгізілген 9 миллион 810 мың 920 сайлаушылардың 7 миллион 564 мың 281-і сайлау бюллетеньдерін алды.

Сайлаушылардың келуі жалпы республика бойынша 77,1 пайызды құрады.

Өңірлер бойынша көрініс келесідей:

Ақмола облысы бойынша - 79,68 пайыз,

Ақтөбе облысы бойынша - 80,26 пайыз,

Алматы облысы бойынша - 94,06 пайыз,

Атырау облысы бойынша - 85,37 пайыз,

Батыс Қазақстан облысы бойынша - 73,68 пайыз,

Жамбыл облысы бойынша - 82,66 пайыз,

Қарағанды облысы бойынша - 78,83 пайыз,

Қостанай облысы бойынша - 84,85 пайыз,

Қызылорда облысы бойынша - 81,75 пайыз,

Маңғыстау облысы бойынша - 75,91 пайыз,

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 85,06 пайыз,

Павлодар облысы бойынша - 72,85 пайыз,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 81,57 пайыз,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 82,44 пайыз,

Астана қаласы бойынша – 74,65 пайыз,

Алматы қаласы бойынша - 34,1 пайыз,

"Бүгінгі дауыс беру барысында сайлаушылар белсенділігінің деңгейі өте жоғары болғанын атап көрсетеміз. Бұл Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі соңғы сайлау науқандарының ішіндегі рекордтық көрсеткіш" - деп атап көрсетті Ортсайлауком басшысы.

Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің барлығында сайлаушылардың дауыстарын санау жүргізіліп жатыр.

Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екі сағаттан аспауы тиіс.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай