21 шілде 2022 18:09

Қазақстанда шағын несие бойынша шекті пайыздық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда шағын несие беру туралы шарт бойынша шекті сыйақыны бес пайызға төмендету ұсынылды. Ұлттық банк қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру шарты бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері берілген микрокредит сомасының 20 пайызы мөлшерінде белгіленсін", - делінген құжаттың салыстырмалы кестесінде.

Қаулының қазіргі редакциясына сәйкес, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген шағын несие беру шарты бойынша шекті мөлшерлеме 25 пайыз болып белгіленген.

Құжатта бұл бастама берілген шағын несиелер бойынша "қарыз алушылардың борыштық жүктемесін шектеу" мақсатында жасалғаны нақтыланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети