29 мамыр 2023 | 12:29

Қазақстанда сотталғандардың жаза мерзімі мен жазаны өтеу орыны өзгереді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда төтенше қауіпсіздік мекемелерін қайта бейіндеу және сотталғандарды мерзімдерін қайта есептей отырып, басқа колонияларға ауыстыру жүргізіледі. Толығырақ брифингте ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің арнайы есепке алу бөлімі басшысы Қайрат Асыл айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда төтенше қауіпсіздік мекемелерін қайта бейіндеу және сотталғандарды мерзімдерін қайта есептей отырып, басқа колонияларға ауыстыру жүргізіледі. Толығырақ брифингте ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің арнайы есепке алу бөлімі басшысы Қайрат Асыл айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 мамырда Қазақстанда "Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді. Ол сотталғандарды жазасын өтеу орындарына бөлудің жаңа критерийлерін қамтиды.

Атап айтқанда, бірінші мерзімін өтеп жатқандар орташа қауіпсіздік мекемелеріне орналастырылады. Бұрын басқа қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру орындарында болған сотталғандар соттылық мерзімінің өтуіне қарамастан, қатаң режимдегі мекемелерге жіберіледі. Бұл ретте қауіпсіздік деңгейі орташа мекемелерде отырған соңғы санаттағы сотталғандар қатаң режимдегі мекемелерге ауыстырылмайды.

"Жітіқар қаласындағы өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар ғана қамтылатын бір мекемені ("Қара бүркіт" - еск.) қоспағанда, төтенше қауіпсіздік мекемелері жоғары қауіпсіздік мекемелеріне қайта бейінделеді", - деді Асыл.

Төтенше және қатаң режимдегі мекемелерде ұсталатын сотталғандарға қатысты сот үкімімен тағайындалған мекеме түрін өзгерту туралы материалдар сотқа жіберіледі.

"Соттардың шешімі бойынша, мекеменің түрі орташа қауіпсіздік мекемесіне өзгертілетін сотталғандарға үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақыты орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген бір жарым күн үшін бір күн есебінен жаза мерзіміне есептелетінін регламенттейтін Қылмыстық Кодекстің 62-бабының талаптарын ескере отырып, жаза мерзімі қайта есептеледі", - ҚАЖК арнайы есеп бөлімінің бастығы айтып берді.

Мекеменің түрін өзгерту туралы сот шешімдері заңды күшіне енгеннен кейін сотталғандар туыстарының тұрғылықты жеріне мүмкіндігінше жақын орналасқан колонияларға ауыстырылады.

"Бұрын туыстарының тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеп жатқан сотталғандардың саны шамамен 60 пайыз болған. Заң іске асырылғаннан кейін бұл көрсеткіштің айтарлықтай өсуі күтіледі. Бұл жұмыс жыл аяғына дейін аяқталады деп болжанған", - деп толықтырды полиция қызметкері.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Бұл құжатта кейбір қазақстандық тұтқындарға ай сайынғы жәрдемақы төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети