16 тамыз 2019 17:41

Қазақстанда студенттер басқа ЖОО-ға ауысқанда грантын сақтап қала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pixabay.com Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттер басқа қалаға көшкен кезде гранттарын сақтап қалуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттер басқа қалаға көшкен кезде гранттарын сақтап қалуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Студенттерге бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысу мүмкіндігін бергіміз келеді. Бүгінде жағдай қалай, студент, мысалы, Павлодар университетіне грант жеңіп алады. Кейін сол грантымен Еуразия ұлттық университетіне не басқа университетке ауыса алмайды", - деді министр Нұр-Сұлтандағы тамыз конференциясында. 

Студенттер басқа аймаққа көшкенде де грантын алып кете алады. 

"Бұл мәселені сарапшылармен ақылдасамыз. Егер студент бір оқу орнында грант жеңіп алып, кейін басқа елді мекенге көшкен жағдайда сол грантын алып кете алатындай жасаймыз. Өзі қосымша төлей алады. Сондай мүмкіндік беруіміз керек. Бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді БҒМ министр. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети