1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда студенттер, магистранттар және докторанттар стипендиясы өседі 09 қыркүйек 2021, 10:58

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап қазақстандық ЖОО студенттері, магистранттары мен докторанттарының шәкіртақысы өсті. Бұл туралы Білім және ғылым
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап қазақстандық ЖОО студенттері, магистранттары мен докторанттарының шәкіртақысы өсті. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҒМ мәліметінше, Президенттің тапсырмасын және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында бакалавр шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттар шәкіртақысы 15 пайызға көтерілген.

"Бакалавр шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін өсті. Педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын ЖОО студенттері бұрынғы 42 000 теңгенің орнына 50 400 теңге алады. Сондай-ақ, біз Президенттің тапсырмасын орындап болашақ дәрігерлердің шәкіртақысын едәуір арттырдық. Олар 26 186 теңгенің орнына 50 400 теңге алады. Былтыр қаңтарда бакалаврлар шәкіртақысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 25 пайызға көтерілгенін еске саламын. Іс жүзінде соңғы екі жылда бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы екі есеге артты", – деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Сонымен қатар, магистранттар, докторанттар мен интерндердің де шәкіртақысы өскен. Егер бұрын магистранттар 66 913 теңге алса, енді олардың ай сайынғы стипендиясы - 76 950 теңге. Докторанттар стипендиясы 150 000 теңгеден 172 500 теңгеге дейін, интерндерде – 47 431 теңгеден 59 289 теңгеге дейін өскен.

Өзгерістер мен толықтырулар Үкімет қаулысымен жоғары оқу орындарының білім алушыларына мемлекеттік стипендияларды төлеу, олардың мөлшері және тағайындау Ережесіне енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram