16 қараша 2021 13:40

Қазақстанда суға сараланатын тариф енгізу ұсынылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда суды тұтынуға сараланған тарифтер енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда суды тұтынуға сараланған тарифтер енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, су ресурстарын ұтымды пайдалануымыз керек. Соның бірі - халықты суды ұқыпты тұтынуға ынталандыру. Қолайлы өмір сүру үшін жеткілікті тұтыну нормасын айқындап, сараланған тарифтерді енгізу қажет", - деді министр Үкімет отырысында.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, өңірлерде су тұтынуға кешенді талдау жүргізу, соның негізінде бүкіл отбасына оңтайлы тұтыну нормасын айқындау талап етіледі. Бұл ауызсумен жабдықтау өндірісі мен сарқынды суларды тазарту шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети